24 қазанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с болады, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады, тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, найзаған күтіледі.

Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан областырында тұман күтіледі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да