Ақтөбеде көлік құрастыратын зауыт салынады

Ақтөбеде арнайы көліктерді құрастыратын зауыты салынады. Қазіргі уақытта мұнда жүк көліктеріне арналған тіркемелер құрастырылып жатыр.

Өткен жылы Ақтөбеде жүк көліктерінің тіркемесін шығаратын зауыт іске қосылған болатын. Содан бері ірі өндіріс орындары қажетті жүк көліктерінің тіркемесін Ресейден емес, Ақтөбеден тасымалдап жатыр. Жылына 250 тіркеме шығаратын өндіріс орны жаңа зауыт іске қосылған кезде жылына 500 дана тіркеме дайындай алады. Бұл арқылы ішкі сұранысты толық өтеуге мүмкіндік бар.

«Бір жылда 200-ге жуық тіркеме жасалды. Шикізат Ресейден тасымалданып жатыр. Барлығы 170 миллион теңгеге Түркия, Иран, Еуропадан әкелінді. Жаңа зауыт іске қосылған кезде жанар жағармай, газ, цемент таситын цистерналар жасалады. Жаңа жобаның құжаттарын дайындап, «Даму» қор тапсырған едік. «Даму өндіріс» бағыты бойынша несие алу жоспарда бар. Бізге жанар жағармай таситын көлікті құрастыруға арналған құрал-жабдық керек»,- деді «ПП Технодом СТ-KZ» ЖШС директорының орынбасары Ерлан Әбдіғапаров.

Жаңа зауыт 2018 жылдың соңында іске қосылады.

ДереккөзInform.kz