18 қазан: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

18 қазан күні еліміздің оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарында жауын-шашын болады. Кей жерлерінде тұман болып, жел соғады.

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Павлодар облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында да тұман болып, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с жел тұрады.