Басты бетЖаңалықтарОңтүстік Қазақстанда...

Оңтүстік Қазақстанда 6 жасар Мұхаммедті ұрлады деген әйел полицияға өзі келді

«Күдікті деп танылған, 1965 жылы туылған Сәндікүл Сүйіндік бүгін ОҚО Ордабасы ауданындағы полиция бөлімшесіне өзі келді. Әйел өзіне іздеу жарияланғанын және бала ұрлығына қатысты күдікті болғанын теледидардан көріпті. Алайда, азаматшаның айтуы бойынша оның қылмысқа еш қатысы жоқ. Осы уақытқа дейін Алматы қаласында болған екен»,- деді ОҚО ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің уақытша міндетін атқарушы Сыпабев Жарқынбеков.

Баспасөз қызметкерлерінің сөзінше «күдікті» деп танылған Сәндікүл Сүйіндік қазіргі таңда полиция бөлімшесінде, тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр. Оған қатысты толық ақпарат ертең дайын болады екен. Сондай-ақ, оны бала мен күдіктіні аудандық ауруханаға тасымалдаған такси жүргізушісімен де жүздестірмек.

Еске сала кетейік, бала 20 ақпан күні күндіз жоғалып кетті. Баланың туыстарының айтуынша, Мұхаммед сағат 12.30 шамасында сабақтан шыққан, бірақ үйіне келмеген.

Мұхаммедтің белгілері мен киімі: жасы шамамен 6-7-де, ашық реңді, арық, ашық қоңыр күрте киген, қара шалбар және қара етік. Баланың көк түсті сөмкесі болған, сөмкеде «өрмекші адамның» суреті бар. Баланы азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды.

«Оның жасы шамамен 50-55-те, бойы 160 сантиметр, ақшыл шашты, толықтау, қара күрте киген, тоқылған қоңыр бас киімі бар», — деп сипаттайды полиция өкілдері.

ДереккөзNUR.KZ