Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін Қырғызстанда «тыныштық күні»

©kabar.kg

«Тыныштық күні» Қырғыз Республикасының «Қырғыз Республикасының Президентін және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің депутаттарын сайлау туралы» конституциялық Заңының 23-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етіледі.

Сайлауға қатысушылар тарапынан «тыныштық күнінің» талаптарын бұзғандар болса Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы оларға қарсы шара қолданады.

Айта кетерлігі, дауыс беру республика бойынша ертең таңертеңгі сағат 8-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Президент сайлауына 10 үміткер қатысып жатыр.