Ресейде наурыз айында президенттік сайлау өтеді

«8-11 наурыз аралығында мерекеге байланысты демалыс болғандықтан, президент сайлауы жексенбіде өтеді. Сондықтан біз жұрттың бәріне қазірден бастап сайлаудың 18 наурызда өтетінін хабарлаймыз», — дейді Гришина Ресей Еңбек министрлігінің келер жылғы демалыс және мейрам күндері туралы жобасына пікір білдіре отырып.

Бұрын Ресей Еңбек министрлігіндегілер әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үкімет комиссиясының 2018 жылы демалыс күндерін көшіру кестесін бекіткенін мәлімдеген болатын. Құжатқа сәйкес, ресейліктер 8 наурыздан 11 наурызға дейін демалады.

ДереккөзInform.kz