Қазақстанға саяхаттап келген канадалық турист үшін сапар күтпеген қиындыққа ұласуы мүмкін еді. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында шетел азаматы жоғалған құжаттарын қайта алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Лю Фенга есімді Торонто тұрғыны Қазақстандағы тарихи орындарды аралауды жоспарлаған. Ол Абай облысы аумағынан Астанаға жолға шығып, Павлодарда көлік ауыстыруы керек болған.
Рейсін күтіп жүрген кезде турист автовокзал маңындағы орындықта отырып ұйықтап кеткен. Оянған соң ол жол сөмкесіндегі ақшасы мен шетелдік төлқұжатының жоғалғанын байқайды. Төлқұжатынан айырылу шетелдік үшін үлкен қиындық тудырған. Себебі бұл құжатсыз оның еліне оралуы мүмкін емес еді. Турист бірден 102 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.
Маған міндетті түрде көмектесетініне сендім. Бірнеше минуттан кейін полиция қызметкерлері келіп, жағдайды түсіністікпен қабылдады. Олар мені сабырға шақырып, жоғалған заттарды табуға уәде берді, – дейді турист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары шетел азаматының жеке заттарының ұрлану фактісін жедел анықтап, оның шетелдік төлқұжатын иесіне қайтарып берген.
