Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Маркетплейс атын жамылған қаржы пирамидасы әшкереленді

Фото: gov.kz/Қаржылық мониторинг агенттігі
Қаржы мониторинг агенттігі агрессивті жарнама арқылы Қазақстан азаматтарын алдап, салым алған CVK қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазір агенттіктің әр аймақтағы департаменті 14 өңірде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қаржы пирамидасы ауадағы акцияларын сатып, әр салымшыға жалған жеке кабинет ашып, ол кабинетке «тауар» іліп қойған. Бұл заңсыз схемаға 1,5 мың адам алданған.

Қаржы пирамидасы агрессивті өңірлік маркетиң мен ауқымды жарнамалық науқанның «арқасында» жабық үгіт-насихат кештерін өткізіп, кеңселерін салтанатты түрде ашып отыр. Аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, халықтың сенімін қалыптастыру құралы ретінде пайдаланылған, — делінген ҚМА хабарламасында.

Агенттік жедел шаралары арқылы қаржы пирамидасының 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивіне тыйым салған. Сонымен қатар агенттік осы қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар болса, агенттікке хабарласуларын сұрайды.