Нұрсұлтан Назарбаевтың Сочидағы 5 маңызды сөзі

Қазақстан президенті Владимир Путинмен екіжақты келісімдер мен өзекті мәселелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Қазақстанның экономика және басқа салаларда маңызды стратегиялық серіктесі екендігін жеткізді.

  • «Қазақстан Ресейдің ең жақын және сенімді серіктесі болады» — деді Назарбаев
  • «Ресей экономикасында қиындықтар, санкциялар барына қарамастан, біз алға жылжимыз және осы қатынасты әліде жалғастыра түсеміз» — деді ол.
  • «Байқоңыр бойынша серіктестігіміз жақсы дамып келеді. Мен жақында ол жақта болдым, сізге айтып беремі» — деді ел президенті Путинге
  • «Маңызды кездесулер, үнемі пікір алмасып отыру ешқандай шешілмеген сұрақ қалдырмайды» — деп атап өтті елбасы
  • «Бұның барлығы жалған» — деп Қазақстан президенті журналистерге Қырғызстан президенттігіне үміткер, оппозиционер, Омурбек Бабановқа ешқандай қолдау білдірмейтіндігін жеткізді.

Маңызды мәселелерді талқылай отырып, хаттамадан сәл ауытқыған елбасы, Сочидегі ауа-райының керемет болып тұрғандығын атап өтті.

Ресей журналистерінің Путиннің мерейтойына қандай сыйлық алып келесіз деген сұрағына әзілмен  «дәл қазір осы тақырыпты талқыладық» деп жауап берді.

Дереккөзsputniknews.kz