Асқар Амрин Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Асқар Кемеңгерұлы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, Корнель құқық мектебін құқық магистрі бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта заңгер- консультант ретінде бастаған. 1997-2001 ж.ж. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде түрлі лауазымдарды иеленген.

2001-2003 ж.ж. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары.

2003-2006 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007-2009 ж.ж. «Lancaster Invest» АҚ-да түрлі лауазымдарда істеген.

2012 ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы.

2012-2016 ж.ж. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры аппаратының басшысы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. Астана қаласы әкімінің кеңесшісі. 2017 жылғы 9 қазанда Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.