Не болды?
1,3 гектар егін алқабына шегірткеге қарсы дәрі себіліп, химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл – биылға жоспарланған жұмыстың 62%-ы. Егінді шегірткеден қорғау іс-шарасы фитосанитариялық мониториң нәтижесі негізінде жүзеге асып жатыр. Алқапта зиянкестердің таралу ошақғы анықталып, салдары экономикаға кері әсер еткен кезде химиялық өңдеу жүргізіледі. Бұл дәрі себудің тиімділігін арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға ықпал етеді.
Жлапы 3,5 мыңға жуық маман ауыл шаруашылығы аумақтарын зерттеп, егін алқабын қорғауға ден қойып отыр. Барлық өңірде пестицид қоры бар. Алқапты қорғау кезінде жалпы 556 техника, оның ішінде әуе кемелері, 103 пилотсыз ұшу аппараты мен мамандандырылған жерүсті техникалары пайдаланылады, — делінген хабарламада.
Қазір алқапта шегірткенің таралу деңгейі мен қаупі біршама азайды. Мониториң және егін алқабын қорғау іс-шарасы штат режимде жалғасып жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, ауыл шаруашылығы министрлігі егін алқабын химиялық өңдеу үшін 2024 жылдың соңында жеті дрон пайдаланса, 2025 жылғы желтоқсанда қосымша 50 құрылғы сатып алған.
