Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Отырар көшесіндегі 13 қабатты «Береке» тұрғын үйінде шыққан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрт таралмас үшін қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылған.
Ведомствоның хабарлауынша, әзірге 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Өрттің шығу себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
