Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

2027 жылы Астанада мәнерлеп сырғанаудан 4 құрлық чемипонаты өтеді

Фото: Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі

Не болды?

2027 жылы Астанада мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемипонаты өтеді. Қазақстанға Азия, Америка, Африка мен Мұхит аймағының спортшылары келеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметі бойынша, бұл шешімді халықаралық конькишілер одағы (ISU) қабылдады. Төрт құрлық чемпионаты 2027 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Астанаға Азия, Америка, Африка мен Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары келеді.

ISU мәліметінше, бұл шешімге 2026 жылғы ақпан айында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы әсер етті. Шайдоровтың жетістігі елде мәнерлеп сырғанауға қызығушылықты арттырып, спортшылар мен жанкүйерлерге шабыт сыйлады.

«Біз Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл Орталық Азиядағы жанкүйерлер үшін әлемдік деңгейдегі жарысты өз көзімен көріп, сүйікті спортшыларын қолдауға тамаша мүмкіндік. Қазақстанда мәнерлеп сырғанау жаңа деңгейге көтерілді және Астана спортшылар, жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар үшін тамаша алаң болатынына сенімдіміз. Бұл турнирде Қазақстанның энергиясы мен қонақжайлығы сезілетініне күмән жоқ», – деді ISU президенті Ким Джэ Ёль.

Контекст

Естеріңізге салайық, биыл ел тарихында тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар сыйақы төленді. 

Мақалаға реакция