Не болды?
Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ақмола облысындағы iKomek қызметінің мәліметіне қарғанда, табиғатты қорғап, келушілердің қауіпсіздігін қамту үшін Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды. Аумақтағы өрт қаупі сейілген соң тауға шығуға болады. Облыс тұрғындары мен қонақтары сапар бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруі керек.
Контекст
Естеріңізге салайық, кейінгі күндері Қазақстанның бірнеше аймағында өрт қаупі басым болып тұр.
