2-3 қыркүйекте Астана қаласында грэпплингтен алғашқы Азия чемпионаты өтеді

Елордада өтетін спорттық шара туралы грэпплинг федерациясының президенті Қанат Алин айтып берді.

«Халықаралық турнирді өткізу – біздің федерация үшін өте жауапты шараның бірі. Бүгінгі таңда грэпплинг көптеген елдерде кең танылған  жекпе-жек түрі. Грэпплинг – түрлі палуандар тәртібінің техникаларын біріктіретін  синтетикалық күрестің түрі», — деді Қанат Алин.

Бүгінгі таңда жарыстың ұйымдастырушылары 30 елдің спорт федерацияларымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Пәкістан және тағы басқа елдер өздерінің қатысатынын растады.

Грэпплинг — барлық күрес тәсілдерін біріктірген белдесудің бір түрі. Онда тұншықтыру тәсіліне шектеу аз қойылған.