Шараны ұйымдастыруға «Көкшетаудың арнайы олимпиадасы» қоғамдық қоры мұрындық болып отыр.
3 күнге созылған спорттық жарысың алғашқы күнінен-ақ сайысқа деген ынта-жігерлерінің мықты екендігін сезінгендей болдық. Өйткені, ауа райының қолайсыздығына қарамастан ашық аспан астында, шағын футболдан ұйымдастырылған сайыста олар бақтарын сынап, өзара мықтыларды анықтады.
Сайыс тиісті деңгейде ұйымдастырылған, — дейді қатысушылар. Жарыстың басты мақсаты – балғындарды тек спорттық сайыстарда ғана бақтарын сынап қоймай, жарыстан тыс уақытта да көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жан-жақтан жиналған өрендерді бірлік пен ынтымақтастыққа баулу.
Жарыс қорытындысына сәйкес шағын футбол мен жеңіл атлетикадан Сандықтау ауданындағы Урюпинка балал рүйінің командасы жеңімпаз деп танылды. Сайысқа оза шыққан жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталды. Жеңімпаздар 2018-ші жылы өтетін республикалық жарыста облыс намысын қорғайды.
