Ауа райы: демалыс күндері қар жауады

Ауа райының салқындауы мен жауын-шашынның соңы қарға ұласуы мүмкін.

Алдағы демалыс күндері тропосфералық ағындардың бағыттары көп ауыспайды. Бұрынғысынша республикамыздың батысы мен солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді, сол себептен салқын және бұлтты жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Республикамыздың оңтүстігінде ауа температурасының аздаған жоғарылауы және жауын-шашынның тоқтауы болжанады.

Бірақ дүйсенбі күні осы аймақтарға атмосферлық ауа ағыны өзінің әсерін тигізеді. Сол себептен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болуы ықтимал.