28 қыркүйекте күндіз, 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысын қатты жел соғады.
29-30 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы 3 градусқа төмендейді.
29-30 қыркүйекте Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын күтіледі, желдің күші 15-20 м\с , екпіні 23-28 м/с болады.
30 қыркүйек-1 қазан күндері түнгі ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді.
29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.
Аталған облыстарда дабылды ескертудің ықтималдылығы 90%.
