Қырғызстанда президенттік сайлау дауыстары сатып алынбақ болған

Құзырлы мекеме мәліметіне қарағанда, екі азамат қала тұрғындарына президенттікке үміткер Өмірбек Бабановты қолдау үшін екі мың сом берген.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны кезінде дауыс сатып алу санаты бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып отыр. Қылмыстық іс Ош қалалық сотына жолданды. Ол 3 қазанда қаралады. Заң бұзғандар 300 мың сом айыппұл төлеп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

ДереккөзCentralasian.org