1 қазаннан бастап тұмауға қарсы жаппай егу науқаны басталады

Биылғы егу маусымына бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге қаражат бөлінді. Оған Ресейде шығарылатын «Гриппол» вакцинасы сатып алынды. Оның құрамында В тұмауына, A(H3N2) және A(H1N1 ) маусымдық тұмауларына қарсы штамм антигендері бар.

Қазір Қазақстанда тұмауға қарсы үш түрлі вакцина ресми тіркелген. Олар: «Ваксигрип» (Франция), «Инфлювак» (Нидерланды) және «Гриппол плюс» (Ресей). Тұмауға қарсы егу үшін осы үшеуін қолдануға болады.

«Мемлекеттік бюджет есебінен халықтың созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммунитет жетіспеушілігі бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер сияқты мейлінше әлсіз тобына дәрі егіледі», — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің баспасөз қызметі.

Жаппай тегін егу науқанынан бөлек, жұмыс берушілердің және тұрғындардың жеке қаржысына да вакцина егіледі. Ақылы егу вакцинация орталықтарында, тиісті емханаларда жүргізіледі. Олардың дәл мекенжайы туралы қоғамдық денсаулықты сақтау өңірлік департаменттерінен ақпарат алуға болады.

ДереккөзInform.kz