25 қыркүйек: аяз бен жауын-шашын болады

Бүгін республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында екпіні 23 м/с-пен жел соғады, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Жамбыл облысында түнде тұман, желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, шаңды дауылмен қатар жел күшеюі мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Атырау облысында екпіні 25 м/с дейін болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, 15-20 м/с жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарында түнде 1-6 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

25-26 қыркүйекте Алматы облысында жауын-шашын болып, таулы аудандарда жауын-шашынның соңы қарға ауысуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде температура 3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

25 қыркүйекте Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, түнде температура 3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градус үсік болса, күндіз 15-20, кей жерлерде ауа райы 12 градусқа дейін төмендейді.