Қашан пайда болды?

©MENAbytes

Қазақстанға енді ғана келіп жеткен sarahah 2016 жылдың ақпан айында пайда болған. ВВС-дің мәліметінше, бір айдың ішінде sarahah-ты жүктеп алған қолданушылардың саны Египетте 2,5 миллион, Тунисте 1,7 миллион, ал Сауд Арабиясында 1,2 миллионға жеткен. Қазір бұл бағдарлама App Store-дегі ТОП-50 бағдарламалардың қатарына кіреді. Бағдарлама бір жылдың ішінде 20 миллион қолданушы жинап үлгерді.

Sarahah деген не?

«Sarahah» сөзі араб тілінен аударғанда «адалдық», «шынайылық» деген мағына береді. Бағдарламаның қызметі де атауымен мәндес. Сені танитын немесе танымайтын адамдар саған құпия түрде сауалдар жолдай алады. Сіз оның кім екенін білмейсіз, сұрақтарына жауап беру-бермеу де өз еркіңізде.

Sarahah бағдарламасы араб елдерінде Ask.fm-нің функциясын алмастыру үшін шығарылған.

Sarahah-тың артықшылығы мен кемшілігі

Әлеуметтік желіде жылдам таралып жатқан «вирусты» бағдарламаның жақсы және жаман тұстары да бар.

Sarahah
©mashable.com

Артықшылығы:

  • Өз-өзіңді дамытуға көмектеседі. Әсіресе, қазақ қоғамында сұрақтарға жауап беруден қысылатын, ұялшақ адамдар көп. Аталған бағдарлама арқылы ешкімнен қысылмай, сұрақтарға еркін жауап беруге болады. Сұрақ қоюшы адамның кім екенін білмегендіктен, еркін көсіліп көп нәрсе айта аласыз.
  • Жұмыс берушілер қызметкерлерінің адалдығын анықтай алады. Араб елдерінде басшылары осы тәсіл арқылы қызметкерінің қандай қасиетке ие екенін білген.
  • Ойларың мен сезімдеріңді жарыққа шығаруға мүмкіндік. Иә, иә, дәл осы жерде сіз өзіңіздің көптен беру айта алмай жүрген мәселелерді жария ете аласыз. Бұл сіздің санаңызды, жаныңызды артық нәрселерден тазартуға көмектеседі.

Кемшілігі:

    • ©popbuzz.com

    Sarahah-тың техникалық жағынан әлі де болса кемшін тұстары көп. Бағдарламаны жүктеу, тіркелу, жауап беру жағынан қателіктер жиі кездеседі.

  • Өзгелер сіз туралы ашық ақпарат алатын болады. Қолданушылар сіздің жауаптарыңызды оқып, әлсіз жеріңізді біліп алуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін сізге сауал жолдай алатын қолданушыларды шектеп қоюыңызға болады.
  • Бос уақыт өткізу. Уақыт зымырап өтіп жатқанда сәннен қалмаймын деп sarahah-қа тіркеліп, сұрақтарға жауап беріп көп уақытыңызды босқа жоғалтып алуыңыз мүмкін. Бағдарламаны көп уақыт қолданған адам бірте-бірте оған тәуелді бола бастайды.
  • Өзгелердің пікірі мен сұрақтары жүйкеңізді жұқартуы мүмкін. Өзгелердің ойына тәуелді адамдар үшін бұл ауыр психологиялық соққы болары анық. Сондықтан, өз-өзіңізге сенімді болмасаңыз, бұл ойынға кіріспей-ақ қойғаныңыз абзал.