Қазақстанда үй жануарлары чип орнатуға сұраныс артуда

Қазір қалада жануарларды чиптеумен 11 бригада айналысуда. Орта есеппен күніне 200 жануарға чип орнатылады.

Үш айға жуық уақытта Алматыда 35 мың үй жануары чиптелген. Тіпті, мамандарды үйге шақыртуға да болады.

«Жұмыстан қолы босамайтын немесе үйінен шыға алмайтын адамдарға да қызмет қолдетімді. Мысалы, жалғызбасты әжей итін чиптегісі келсе бізге қоңырау шалады. Ветеринарлық қызмет келіп қызмет көрсетеді. Бұл өте қолыйлы», — деді осы жұмыстармен айналысатын емханананың өкілі Яна Вернигорова.

Тегін ветеринарлық қызметті кез келген адам пайдалана алады. Ол үшін тек жануар иесінің жеке куәлігі мен үй жануарының құжаты болуы тиіс. Құжат жоқ болса мамандар сол жерде рәсімдеп береді.

Мамандардың айтуынша, үй жануарларын 2 айдан асқан соң чиптеуге болады. Чип орнату процесі 5 минут уақыт алады. Ине салғанда бір реттік шприцтер пайдаланылады.

Металл чиптер ICAR жануарларды тіркеу ұйымының талаптарына сәйкес келеді. Радиожиілік транспондерлер Қазақстанда жасалады, ал электронды белгілер Швейцариядан әкелінеді.

ДереккөзInform.kz