Алматыдағы көшірме көшелердің жалпы саны 400-ге жуықтаған. Жақында ғана Наурызбай және Бостандық аудандарында бұрын-соңды атауы болмаған бес көшеге тарихи таным мен дәртүрге байланысты атау берілді.
«Біріншіден, жедел жәрдем шақыратын болсаңыз, «үйіңіздің көшесін айт» дейді, такси шақырсаңыз да көшені атын айту керек. Ал «Каменка-3» ықшамауданындағы жаңа көшенің пайда болғанына 7-8 ай өтсе де, әлі атау берілмеген», — дейді қала тұрғыны Ғизатолла ХАЛИДУЛЛИН.
Жалпы, бүгінде қалада 2 жарым мыңға жуық көше бар. Осыған дейін оның 600-ден астамының атауы өзгертілген. 93 көшенің есімі мүлде жоқ болса, 337 көшенің аты қайталанады екен.
Қазіргі ережеге сай әкімшілік орындар мен объектілерге кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылған. Сондай-ақ, келесі жылға дейін қайталанатын 106 көшенің атын ауыстыру көзделіп отыр екен.