Өрт оқиғалары жиі орын алуда — Алматы облысы

Облыстық төтенше жағдай департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі  Толқын Қатышеваның айтуынша, өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындамағандықтан мұндай оқиғалар жиі орын алып жатыр.

«2017 жылдың 20 сәуіріне дейін қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себептері бойынша 120 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 23 адам улы газбен уланған. Жарақат алудың негізгі себептері өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауынан болып отыр», — деді.

От жанған пешті қараусыз қалдыру өте қауіпті екенін облыстық төтенше жағдай департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі Толқын Қатышева айтып берді.

«Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру өте қауіпті. От жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Пештің үстіне киімдер мен отынды кептіруге болмайды және де үй жиһаздары, перделер жанып жатқан пештен жарты метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы керек. От жағу маусымы басталар алдында шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар әктелуі керек», — деді ол.

Төтенше жағдайлар департаменті ұдайы түрде от жағу маусымының алдында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.