Мүмкіндігі шектеулі спортшы Əлем чемпионатында екі мəрте жеңіске жетті — Ақмола облысы

Ақмола облысы денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Будапешт қаласында əлемнің 52 елінен келген 1200 спортшының қатысуымен армрестлингтен əлем чемпионаты өтті. Онда атлеттер мен параатлеттер күш сынасты.
Оның ішінде есту қабілеті нашар жерлесіміз Андрей Путинцев 100 келіден жоғары салмақта оң жəне сол қолымен көтеру бойынша армрестлингтен əлем чемпионы атанды.

Андрейдің жаттықтырушысы Илья Ильиннің айтуынша, финалда ақмолалық салмағы 146 келі ресейлік спортшымен бірінші орынға таласты.
Сонымен қатар, есту қабілеті нашар тағы бір жерлесіміз, көкшетаулық Дмитрий Шуба 60 келі салмақта қол жүлдегер атанды.