Сейсмикалық қауіпті аймақтардың картасы жасалды

Келесі жылдан бастап отандық сейсмологтар сәулет басқармаларының мамандарымен бірігіп, ескі және жаңадан салынып жатқан ғимараттарға кең көлемді тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазір жедел ақпарат алмасу жайы өзекті. Осы мәселені талқылап, халықаралық әріптестікті нығайту үшін Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінен келген сейсмолог-ғалымдар Алматыда бас қосты. Кездесу барысында Қазақстанда ақпарат алмасу жөніндегі халықаралық зертхананың құрылатыны белгілі болды.

«Қай жерге қандай ғимарат салуға болатынын және сол құрылысты сапалы жүргізу үшін әрбір аумақтың жағдайын жақсы білуіміз керек. Егер біз осы қағиданы ұстанатын болсақ адамдардың өмірі мен көптеген ғимаратты сақтап қала аламыз»,- дейді Сейсмология институтының директоры Әнуар Боранбаев.

Дереккөз24.kz