Алматы мен Өскеменде жер сілкінісі сезілді

«Бүгін таңғы 6 сағат 22 минут 35 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты — 12.0. Магнитудасы — 5.4 MPV. Бағыты — 44.43° с.е. 82.70° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 20 минут өткен соң жер асты дүмпуі екінші рет тіркелген.

«Таңғы 6 сағат 40 минут 22 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 468 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты — 11.1. Магнитудасы — 4.9 MPV. Бағыты — 44.36° с.е. 82.50° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», — деп жазылған.

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ баспасөз қызметі үшінші рет жер сілкінісі болғанын да жариялады.

«Таңғы 6 сағат 51 минут 01 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты — 10.1. Магнитудасы — 4.4 MPV. Бағыты — 44.36° с.е. 82.44° ш.б. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», — деп мәлім етті ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ.

Сонымен бірге, зілзала қайтадан төртінші рет тіркелген.

«Таңғы 6 сағат 54 минут 31 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 478 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты — 10.5. Магнитудасы — 4.6 MPV. Бағыты — 44.36° с.е. 82.63° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», — деп жазылған хабарламада.

Ал Қазақстан аумағында, нақты айтқанда Өскеменде қатты жерасты дүмпуі сезілді. Жер асты дүмпуін өскемендіктер шамамен таңғы сағат 5 сағат 30 минутта сезінді. Алматыда да көршілес Қытай елінде болған жер сілкінісі сезілгені туралы желі қолданушылары жазуда.

ДереккөзBaq.kz