Көңіл-күйім көтеріңкі болсын десеңіз…

  • Егер орынсыз сөйлеп қойсаңыз, орныңыздан тұрып кетіңіз. Сыртқа шығып, таза ауамен біраз дем алыңыз. Таза ауа, табиғат көріністері, көңіліңізді қайтадан орнына түсіреді. Тыныштандырады.
  • Үй ішінде бөлме гүлдерін өсіретін болсаңыз, солармен сөйлесіңіз. Бір сөзбен айтқанда, сырласыңызға айналдырыңыз.
  • Қарсыласыңыздың немесе ұрысып отырған адамыңыздың сөзіне мән бермей, іштей 100-ге дейін санаңыз. Психологтар 17-ге дейін санағаннан кейін, адам тынышталады деген ой айтады.
  • Көп жерде үнсіз қалуға тырысыңыз. Қарсы келген жан ашулы болса еш нәрсені түсінбейді. Сондықтан, үндемей құтылыңыз.
  • Салқын су ішіп, мұздай балмұздақ жеңіз.
  • Құрбыларыңызға, достарыңызға қоңы­рау шалыңыз. Ал жақын орналасқан жерде тұратын болса, барып қайтыңыз.
  • Оңаша қалып, кітап, газет, журнал оқыңыз. Көңіл-күйді көтеретін әсем әуен тыңдаңыз.
  • Дене жаттығуларын жасаңыз.
  • Жол жүргенде кеудеңізді көтеріп жү­ріңіз. Сонда ғана жол-жөнекей кездескен адамдардың ыстық сәлемін алып отырасыз. Бұл көңіліңізді серпілтіп тастайды.
  • Кемінде 10 минут ренжіскен адамыңыз­бен бетпе-бет келуден қашқақтаңыз. Ал егер де сізді көрсе, түк білмегендей бетіне қарап күле сөйлеңіз. Егер ол жылы қабақ танытса, оқиғаны болмағандай етіп өткізіңіз. Кейін сабырға келгенде, әңгімеге тартып, талқыға салыңыз.