Аталған шараларды өткізуде мұражайлық жұмыстың әртүрлі әдістері пайдаланылды, оның ішінде: мұражайдың негізгі және қосымша қоры бойынша тақырыптық көрмелерге панорама-шолу, сырттай саяхат элементтері, «Туған жерді танып біл» білім аукционы өтті.
Шараға қатысқан балалар мұражайдың негізгі қорымен, туған жердің тарихи тұлғаларымен, Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен аршалылық жерлес, әрі соғыстан аман-есен келген жауынгерлермен танысты. Сонымен қатар, оқушылар өткен ғасырлардағы адамдардың пайдаланған көненің көзі болып қалған заттарымен танысып, өздерінің шағын Отаны туралы мағлұмат алды деуге болады. Қызықты саяхаттың қатысушылары негізінен педогогтар мен Аршалы ауданы мектептерінің окушылары және Агротехникалық колледжінің студенттері болды.
2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы педагогтар оқушыларды отансүйгіштікке, ізеттілікке тәрбиелеу жұмыстарына бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.