«Батыр бабалар» мемориалды мұражайының ашылуы тек Алматы облысының тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл республика үшін маңызды оқиға болды.

Мұражайдың ашылуына облыс және аудан басшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Аталған шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев арнайы келіп, лента қию рәсімін орындады. Облыс әкімі мемориалды мұражайды аралап шыққан соң, бұл орын шетелдіктерге қазақстардың тарихын таныстыруға арналған жерге айналатынын айтты.

a87ff679a2f3e71d9181a67b7542122c 1 Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

«Батыр бабалар» мемориалды мұражайына қаншама адам келіп тағзым жасайды. Оқушылардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіру үшін қандай жақсы мүмкіндік. Шетелден қонақтар келсе де осы жерге әкелуіміз керек. Сонда олар қазақ деген ұлттың кім екенін, жеріміздің қандай болғанын, қандай ержүрек, батыр халықтың ұрпағы екенімізді, толық тарихымызды біліп кетеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының арқасында осындай жақсы жобалар жүзеге асырылып жатыр»,- деді облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы.

Ашылу салтанатына келген қауымды Б.Римова атындағы драма театрының әртістері батыр бабалар туралы сахналық қойылымымен тәнті етті.

8f14e45fceea167a5a36dedd4bea2543 Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

Мемориалдың ішкі көркемдік безендірілуі, тарихи жәдігерлерді ерекше орналастыруы экспозициямен танысу барысында ұмытылмастай әсер қалдырады. Сақ дәуірінен бастап тәуелсіздікке дейінгі тарихымыз кезең кезеңімен суреттеліп, арнайы орнатылған электронды қондырғылар арқылы бейнефильмдерді де тамашалауға болады.

1679091c5a880faf6fb5e6087eb1b2dc 1 Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

Жоба құрылысының басталуына алғашқы болып түрткі болғандар — Ішпекбаевтар отбасы. Сондай-ақ, құрылысты жүзеге асыру барысында жеке демеушілер де белсенділік танытқан. Олардың қатарында: Мұратбек Сүлейменов, Әбдібек Бимендиев, Бауыржан Кеңесбекұлы, Бейбіт Төлеубайұлы сынды ел азаматтары да бар.

Мемориалды музейдің көркемдік-безендіру жұмыстарының басшысы академик, «Заман Ту» ЖШС бас директоры Қожаханов Шәміл Қожаханұлының айтуынша, «Батыр бабалар» мемориалды мұражайын дайындау үшін үш айға жуық уақыт кеткен екен.

«Батыр бабалар» мемориалды мұражайын жасау үшін дайын ғимарат берілді. Үш ай бойы ішкі құрылысымен айналыстық. Экспонаттарды орналастыру жағына да мән бердік. Тарихи мұражай болғандықтан, көркемдік-безендіру жұмыстарын жасау барысында әрбір детальдың мағынасына мән беру керек. Жобаның салынуына облыс әкімшілігінен бөлек жеке кәсіпкерлер де демеушілік жасап, құрылыс жұмыстарына барлығы 465 миллион теңге қаржы жұмсалды. Бүгін жұмысымыздың нәтижесін барша халыққа көрсетіп отырмыз», — деді мемориалды мұражайдың көркемдік-безендіру жұмыстарының басшысы Шәміл Қожаханов.

c81e728d9d4c2f636f067f89cc14862c 1 Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

Шынымен, экспонаттардың ерекше орналастыруы экспозициямен танысу барысында ұмытылмастай әсер қалдырды.

Экспозиция Республика тәуелсіздігінің қалыптасу тарихынан сыр шертеді. Сонау жаугершілік заманда елі мен жері үшін жан аямай ерлік көрсеткен хандар, билер мен батырлардың портреттік галереясы Қазақстан тарихына енген белгілі тұлғалардың өмірінен айқын көрінісін береді.

Экспозицияның орталық бөлігінде батыр бабаларымыздың ерлігіне құрмет көрсетілген композиция орналасқан. Мұнда 100-ден астам фотоматериалдар мен экспонаттар қойылған.

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b 3 Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

«Батыр бабалар» мемориалды музейі бір залдан, үш тақырыптық бөлімнен тұрады:

  1. Сақ дәуірінен бастап Алашорда үкіметінің құрылғанына дейінгі кезең;
  2. Ерліктері арқылы есімдері халқына танылған батырлар;
  3. Тәуелсіздіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал хандар мен билер.

Алғашқы бөлімде сақтар мәдениетінің әйгілі ескерткіші «Алтын адам», сақ әйелдері Томирис пен Зарина сияқты тайпа көсемдері туралы баяндайтын экспонаттар бар.

45c48cce2e2d7fbdea1afc51c7c6ad26 Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

Келушілердің назарын Қазақстан тарихының тағы бір ірі кезеңі, ортағасырлық мемлекет — Алтын Орданың мәдениеті қызықтырмай қоймайды.

Қазақстан тарихында Жетісу жерінде болған жоңғарларға қарсы екі ірі шайқас белгілі. Олар — Орбұлақ шайқасы мен біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңіс — Аңырақай шайқасы.

Сонымен қатар, жеке экспозициялық кешен Алашорда үкіметінің құрылуы мен оның өкілдеріне арналған.

Келесі тақырыптық бөлім тәуелсіздіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал хандар мен әділдікке төрелік еткен билер туралы таныстырылады. Біздің мемлекетіміздің ғасырлар бойғы тарихында қазақ даласының көрнекті тұлғалары: Хақназар, Тәуке, Абылай, Әбілқайырғ Кенесары хандардың есімдері халық жадында мәңгілік сақталып қалған. Олардың әрқайсысы өз кезеңінде мемлекеттің әрі қарай дамуына өзінше үлес қосты.

4124bc0a9335c27f086f24ba207a4912 Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

Музейдің үшінші тақырыптық бөлімінде  Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Райымбек пен Бөгенбай, Наурызбай батырлардың, туған жерін жаулап алушылардан қорғаған, ерліктерімен танымал болған қаһарман тұлғалардың портреттері қойылған.

Шебер Дәулет Шоқпаровтың қолынан шыққан әскери сауыт-сайман үлгілері келушілердің қызығушылығын тудырары анық.

21ad0bd836b90d08f4cf640b4c298e7c Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

Экспозицияның соңғы кезеңі батыр бабалардың естелігіне құрмет көрсететін символикалық кешеннен тұрады.

c9f0f895fb98ab9159f51fd0297e236d Алматыда тарихтан сыр шертетін "Батыр бабалар" мемориалы ашылды
©Baribar.kz

Сондай-ақ, «Батыр бабалар» мемориалының жанында «Нұр Мұсахан» мешіті орналасқан. Мұражайдың ашылу салтанаты аяқталған соң қонақтар барельефті аралап, 250 адамға арналған асқа барды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!