Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданындағы мектепке жаңа автобустың кілті табысталды

Оқу жылының алғашқы күнінде Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде су жаңа автобустың кілтін табыстауға арналған салтанатты шара болып өтті. Аталған мерекеге аудан әкімі қатысып, оқушылар мен мұғалімдер ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Асқар Мейрамбекұлы мектеп ұжымына 2017-2018 оқу жылында мол жетістіктер тілей отырып, Еңбекшілдер ауданының орталығындағы қазақ мектебінің директоры К.Абуоваға балаларды тасымалдайтын су жаңа автобустың кілтін сыйлады.

«ПАЗ-32053-70» маркалы автобусты алу үшін жергілікті бюджеттен 13 млн. теңге бөлінген.

Айта кету керек, автобус 2016 жылы шығарылған, жолаушы есігінен жүргізушіге балалардың автобусқа кіру және шығу ойықтарын көруге мүмкіндік беретін жарық, жұмсақ арқасымен екі орынды, қауіпсіздік белбеулері бар, жергілікті ауа райына сай, жылы.