«Эйр Астана» жолаушы Оғыз Доғанның айыптауын жоққа шығарады

«Эйр Астана» компанияcы жолушы Оғыз Доғанның бейнематериалына қатысты төмендегіні хабарлайды:

«2017 жылғы 14 тамызында KC 954 рейсінің жолаушысы қауіпсіздік ережелеріне бағынбады — ұшақтың қонуы кезінде үстелшені көтеруден бас тартты. Ол туралы  талап үш тілде хабарланған. Содан кейін бортсеріктер ұшақтың қонуына қажет рәсімдермен айналысуға кірісті. Бұл өтінішті бірнеше бортсерік келіп, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жолаушыға қайталады. Бортсеріктердің бірі үстелді өзі жауып қойғанда, Оғыз Доған үстелді қайта ашып жіберді. Бейнетаспада бортсерік Екатерина ұшақта тәртіпті бұзу туралы актіні жолаушының қолына ұстату кезі түсірілген. Сол кезде жолаушы Оғыз Доған бейнетаспаны түсіре бастады және ғаламторда жариялады.  Бейнетаспа түсіру кезінде ұшақ қона бастады. Өз әрекеттерімен ол экипажды ұшақты қондыру алдында стандартты ресімдерді орындаудан алаңдатты және Қазақстан және шетел азаматтарына қауіп төндірді. Ұшақ Алматы әуежайына қонғанда жолаушы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне (ЖІІБ) тапсырылды. Сол жерде полиция қызметкерлері экипаж командасы мен ұшақтағы куәгерлерді сұрастырып,  актіге қол қойдырып, ұшақтағы тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салды.

Оғыз Доғанның жанында отырған (оның орны 42J) жолаушылардың түсініктерін ұсынамыз.

Роман Т. (KC 954 рейсінің жолаушысы, 44Н орын): «…Командир ұшақтың қонуы туралы ақпаратты үш тілде жариялады… Содан соң, оған қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап еткенін естідік. Сосын қазақ қыз келіп, оған бәрін қазақ тілінде түсіндірді. Орыс қыз келіп оған ережелер жазылған қағазды ұсынды, оның алдында қазақ тілінде қайта кешірім сұрады… Менің жұбайым психолог, психология ғылымдарының докторы, оның ойынша жолаушы арнайы қақтығыс тудырғысы келді, бортсеріктердің біреуі оны ренжітпеген. Яғни, жолушы ұшаққа отырмай тұрып, осындай жағдайды тудыруды жоспарлағандай көрінді. Бұл анық сезілді. Оның өзін-өзі ұстауы агрессивті болғандықтан, біз өзіміздің байланыс телефондарымызды қалдырдық».

Лайла И. (KC 954 рейсінің жолаушысы, 41Н орын): «Иә, мен бұл рейспен ұштым, шынымды айтсам, ұшақтан шығарда сіздермен хабарласу үшін телефондарыңызды бортсеріктерден өзім сұрап алғым келді. Өйткені, жолаушы 100 пайыз дұрыс емес әрекет етті. Ол анық. Бортсерік оған ескерту жасамады, келіп, орыс тілінде, үстелді көтеруін сұрады, сосын қыз өзі үстелді жабуға қолын созды. Сол мезетте ол қыздың қолын ұстап алды, мен мұсылманмын, егер ол менің қолымды ұстап алса… мен қатты таң қалдым, өйткені, қыз сыпайы шығып кетті. Ал ол тек сол қыздың келіп қазақ тілінде өзі сұрасын деді. Негізінде, бірнеше бортсерік келіп қазақ тілінде үстелді көтеруін сұрады, бірақ ол сұранысқа мән бермеді, тек бірінші қыздың келуін сұрады».

“Эйр Астана” әуе компаниясы үшін  әуедегі қауіпсіздік басты талап екенін естеріңізге салады. «Эйр Астана» ақпаратты мемлекеттік тілде хабарландыру заңын қатаң ұстанады. Ұшақтағы барлық жазулар, хабарландырулар үш тілде ұсынылады. Экипаж құрамында мемлекеттік тілді жетік білетін бортсеріктер әрдайым болады. Бортсерік қызметіне үміткерлер мемлекеттік тілді білуіне тестілеуден өтеді және жолаушыларға қызмет көрсету курсін қазақ тілінде оқиды» делінген компанияның ресми хабарламасында.

«Эйр Астана» алдағы уақытта куәгерлердің сұхбаты жазылған аудиотаспаны тапсырыс бойынша жіберетінін мәлімдеді.