Ақмола облыстық сот төрағасы ашық кездесу ұйымдастырды

Жиын тақырыбында барлық азаматтардың көкейінде жүрген басты тақырып, қоғамдық сананың ашықтығы, рухани жаңғыру болды.

Ұлттық жоспардың 11 қадамы соттық жүйені реформалауға бағытталдыған. Бүгінде, бұл бағытта атқарылған шаруа аз емес. Бес сатылық жүйе үш сатылыққа ауысты. Оның мән-мағынасы, әр азаматтың әділ сотқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, барлық деңгейдегі істердің қарау мерзімі қысқартылды.

Қазіргі таңда, республика бойынша соттарға жіберілетін өтініштердің 98 пайызы электрондық форматта келіп түсуде. Ақмола облысында бұл көрсеткіш әлі де тиісті деңгейде емес. Сот істерін мемлекеттік тілде қарау жүйесі де төмен. Медиация институтын ендірумен нақты кедергілер бар. Осы мәселелердің барлығын жиын барысында көтерген сот төрағасы жиналған қауымға қоғамдық сұрпақтарды шешуде атсалысуды сұрады.