Ақмола облысында жаңа мешіт ашылды

Бұл жолы алланың үйі Кенесары ауылында ашылды. Салтанатты шараға Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Мәлике Нұрханова,ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет мешітінің имамы Қуаныш Сәбит қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Мешіт құрылысы он бес айда салынып бітіпті. 1700-дей тұрғыны бар ауылдық округтің аумағында тұратын мыңға тарта иісі мұсылман қауым мешіт құрылысына қолдан келген көмектерін көрсетіпті. Жаңа мешіт түгелдей халықтың өз қалтасынан шығарған қаржысына салынған. Үш бөліктен тұратын мешіттің ерлер намаз оқитын негізгі үлкен залына жүзге тарта адам сиятын болса, әйелдер бөлмесі отыз адамға шақталған. Одан басқа жуынып, дәрет алатын орын бар.