Фируза Шәріпова рекордтар кітабына енді

Бұл туралы «QAZSPORT» телеарнасының ресми сайты хабарлады.

Сертификатты Қазақстан рекордтар кітабының Астана қаласындағы өкілі Қуандық Құдайбергенов спортшының қолына тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Фируза Шарипова 26 тамыз күні жеңіл салмақтағы WIBA және WBU чемпиондық титулдары үшін өткен жарыста болгариялық Милена Колеваға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан боксы тарихында мұндай болмаған, Фируза Шарипова — кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшы және қазіргі уақытта әйелдер арасындағы Қазақстаннан шыққан жалғыз чемпион.