Қарағандыда 26 тамызда Виктор Цойдың ескерткіші ашылады

Ашылу шарасына Виктор Цойдың әкесі — 79 жастағы Роберт Цой келмек.

Мүсін Олимпийская көшесінде орналасқан. Ескерткішті «Ер Нур & Ника» қазақ-корей достастығы қоғамдық қоры қаржыландырған. Ал үлгісі ҚР Сәулетшілер одағы мен ҚР Суретшілер одағының қолдауымен жарияланған конкурс нәтижесінде таңдалып алынды.

Қазақ-корей достастығы қоғамдық қорының президенті Игнатий Тёнің айтуынша, ескерткіш орналасқан саябақ та абаттандырылмақ.

«Біз тек ескерткішті орнатуды ғана қолға алған жоқпыз, сонымен қатар Қарағандыдағы Олимпийская көшесіндегі саябақты абаттандыру жобасын да жүзеге асырдық», — деді Игнатий Тё.

Айта кетейік, ескерткіштің ашылуынан соң Кеншілер мәдениет сарайында рок жұлдызын еске алу концерті өтеді.

ДереккөзInform.kz