Ұлттық банк 2018-2022 жылдардағы курстық саясатты болжады

«Қазақстандық экспорт позициясында әлемдік бағалардың тұрақты болу жағдайында 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы төлем балансы көрсеткіштерінің жақсаруы курстық саясатқа төнетін тәуекелдерді төмендетеді», — дейді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысы теңге бағамы іргетасы берік факторларға сәйкес болатынын хабарлайды. Атап айтқанда, төлем балансының ахуалы, әлемдік мұнай бағасы мен сауда серіктестері саналатын елдердің ахуалы туындайтын мәселелерден қорғап, экономиканың бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етпек.

ДереккөзInform.kz