Мұнай бағасы тағы да қымбаттады

Лондон және Нью-Йорк тауар биржаларындағы электронды сауда кезінде мүнайдың әлемдік бағасы өсті. Сауда барысындағы мәліметтер осылай көрсетіп отыр.

WTI маркілі мұнайдың құны қыркүйек айында Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) барреліне 0,81%-ке өсіп, $49,56 долларға дейін көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнай құны қыркүйек айындағы жеткізілім бойынша 1,0%-ке артып, барреліне $52,30 құрады.

ДереккөзGazeta.ru