Ауа райы: алдағы күндері аптап ыстық болады

Алдағы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Аталған аймақтарда ең жоғары ауа температурасы +28-37 градус болады.

Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына өте ыстық ауа келіп, аптап ыстық болады. Күндізгі ауа температурасы +32-41 градусқа көтеріледі. Жалпы, Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы нормадан 2-8 градус жоғары болады.