Батыс Қазақстан облысында тамыз кеңесі өтті

Биыл ата-аналардың келісімімен тәжірибе ретінде 16 мектепте физика, биология, информатика, химия пәндері таза ағылшын тілінде оқытылмақ. Қажетті оқулықтар мен құрал-жабдық сатып алынған.

Өткен жылы 8 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, Озерный ауылында 48 орындық жаңа мектеп салынған. Жаңа оқу жылында міңдетті мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы 893 баланың барлығы қамтылды. Тәрбиеші-ұстаздар «Монтессори» технологиясын, балалар мен ата аналардың қатынасын нығайтып бірге дамыту үшін «Steb bу steb», «Мнемотехника» сияқты жаңа технологияларды да қолданып жатыр.

Тамыз кеңесінде әр ауылдағы мектептердің жай-күйі, ұстаздар қауымын толғандырып жүрген мәселелер айтылды. Аудан әкімі А.Шахаров ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин төсбелгісін Дариян қазақ орта мектебінің директоры Шолпан Өмірзақоваға тапсырды. Бұдан бөлек пәндік олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен Көшім орта мектебі, мектепке дейінгі ұйымдар арасында педагогикалық іс-тәжірибелерін облыс, аудан көлемінде таратқан «Бүлдіршін» бөбекжайы арнайы марапатқа ие болды.

Айта кетейік, Зеленов ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы  7,4 мың шаршы шақырымды құрайды.

2016 жылдың 1 қаңтар  жағдайы бойынша халық саны 56,5 мың адамды құрады.  Орталығы Переметный ауылы. Батыс Қазақстан облысы орталығынан жақын яғни, 38 шақырымда орналасуына байланысты  ауданда  газ, су, интернет желілері жоғары деңгейде қолданылады.

Зеленов ауданы Батыс Қазақстан облысында №1 ауыл шаруашылық аумағына кіреді  — далалық, тұқым-мал  шаруашылықты  (облыстың  солтүстік  бөлігінде). Бұл  аймақта  тұқым, майлы  дақылдар, мал азығы өндірісі, картоп және көкөніс, жеміс-жидек егістері  шоғырланған. Мұнда  мал шаруашылығының сүт бағытындағы шаруашылықтар, шошқа және өнеркәсіптік құс шаруашылығы және ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы жақсы дамыған.

Зеленов ауданы аумағынан 3  халықаралық  дәрежедегі Самара-Шымкент, Уральск-Саратов, Атырау — Самара  автомобиль жолдары және Киев-Москва, Ташкент-Саратов темір жолдары өтеді.

Тоқтар Ғабдірешұлы