Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады

Екі елдің сыртқы істер министрлері Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан аймақтық форумда кездескен еді. Алайда Пхеньян өкілі оңтүстіктің АҚШ-пен бірігіп, әрекет етіп отырғанын алға тартып, одан бас тартты. Ал екіжақты келіссөз жүргізу идеясын Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин ұсынған. Кездесу қарусыздандырылған аймақта өту керек болатын.

Айта кетейік, қазір Корей түбегінде ахуал шиеленісіп тұр. Өйткені өткен айдың соңында Пхеньян зымырандарды тағы сынады. Осыған байланысты сенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі санкцияларды күшейтті.