48 мешіт жамағаты мен имамдары арасында футболдан турнир өтеді

Командалар күздің ортасына дейін сайысқа түседі. Жеңімпаздарды естелік сыйлықтар мен ақшалай марапаттар күтіп тұр. Айта кетсек, шара мешіт қызметкерлері мен халық арасында спортты насихаттау мақсатында қолға алынған.

«Әр мешіттің ішінде спорттық командалар құрылып, осындай футбол алаңдарында негізінен сондай-ақ спорт түрлерінен сайысқа түседі. Жалпы үш кезеңнен тұрады. Біз осындай жобаны қолға алдық. Белсенді түрде қазір жүзеге асып жатыр. Әр мешіттен командалар шығып жатыр. 10 командаға дейін шығып жатыр», — деді Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар ЕСЕНБЕКОВ.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қорына 1 000 000 теңге тігіліп отыр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да