Ресейлік имамдар Алматыда қазақ тілінен білім алды

Ресейден келген имамдардың бірі тәжік, қалған үшеуі қазақ ұлтынан екен.

«Біз қызмет ететін аймақтың үштен бір бөлігі қазақтар. Оларға дін үйретудің ең тиімді жолы — олардың өз тілінде сөйлеп, ана тілі арқылы дінді түсіндіру», — дейді имамдар.

Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Әуесханұлы дін мен дәстүр жанашыры Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан елімізге ізгі мақсатпен келген имамдарға ҚМДБ имамдарының ресми шапанын жапты.

«Алдағы уақытта білім алуға келетін Ресейлік қандастарымызды құшақ жайып қарсы алуға дайынбыз. Діни оқу орындарында да білім алуға жол ашылады деген ойдамын», — деп ыстық лебізін білдірді Нұрбек Әуезханұлы.