Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

АҚШ президенті Дональд Трамп ЭКСПО көрмесіне ресми делегация жібереді

Дональд Трамп. Фото: Тheodysseyonline.com

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп делегацияны Астанаға тамыз айының соңында жіберуді жоспарлап отыр. Олардың басты мақсаты — «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін көріп қайту.

Делегация мүшелерінің тізімі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды.

Онда «Бүгін президент Дональд Трамп Қазақстан Республикасында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтіп жатқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2017 жылдың 28 тамызы күні баратын ресми делегацияның құрылғанын мәлімдеді»,- деп жазылған.

Сайттағы мәліметке сүйенсек, делегацияны АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перри бастап келеді. Сондай-ақ, тізімде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, конгрессмен Кевин Крамер, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары Лиза Кертис, General Electric пен Overseas Private Investment Corporation өкілдері бар.

Мақалаға реакция

4 Пікір

  1. Ж
    Жайна 9 жыл бұрын
    бір айдан соң халыққа ерекше серпін берген шараның аяқталатын өкінішті...ал соңғы айда осындай мәртебелі жандар келіп тамашалайтыны қуантып тастады!
  2. М
    Мұрат 9 жыл бұрын
    Еее, кім не десе де бұл экспо-ның арқасында атағымыз біраз жерге барып, біраз елге танылып қалдық, шүкір.
  3. А
    айдын 9 жыл бұрын
    тіпті ресми түрде хабарлап қойса, жақын күндері келетіндігінің белгісі ғой, бірақ біз мейман күтуге төселіп қалдық, дайынбыз.
  4. А
    архат 9 жыл бұрын
    құшақ жая қарсы алатын халықпыз, кімді де болмасын!