Дональд Трамп Путинге не үшін алғыс айтты?

Дональд Трамп Нью-Джерсидегі гольф-клубте журналистерге жасаған мәлімдемесінде дипломатиялық қызметкерлер санын азайту арқылы қаржы үнемдеуге болатынын айтты.

«Менің Владимир Путинге рақмет айтқым келеді. Себебі, біз қызметкерлерге жұмсалатын шығынды қысқартуды ойлағанбыз. Айтқызбай түсінгені үшін Ризашылығымды білдіремін. Ол көп адамды жұмыстан босатты. Енді бізде шығын азайды», — деді ол Ресейдегі дипломатиялық дауға қатысты.

Шілде айында АҚШ-тың санкция салуына байланысты Владимир Путин Ресейдегі АҚШ елшілігі қызметкерлерінің көпшілігін жұмыстан шығарған болатын. Өткен айда Ресейдегі АҚШ елшілігіндегі қызметкер саны 755-ке қысқарды.

ДереккөзBaq.kz