Астана халықаралық шараларды өткізу рейтингінде үздік бестікке енді

Ресейдегі R&C көрмелік ғылыми-зерттеу орталығы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері астаналарының халықаралық іс-шараларды өткізу деңгейін зерттеп, рейтинг жасады. Зерттеу қортындысы бойынша үздіктердің көшін Бейжің, Мәскеу, Киев, Нью-Дели және Астана бастап тұр.

Үздіктер қатарында Бішкек, Ташкент, Душанбе, Минск, Кишинев, Нью-Дели, Исламабад, Ашхабад секілді астаналар бар.

Рейтингті құруда көп факторлы зерттеу пайдаланылып, сарапталған көрсеткіштер бес топқа біріктірілген:

Материалдық-техникалық база . Ол қаланың әртүрлі форматтағы іскерлік шараларды өткізу мүмкіндігін анықтайды.

Аймақты ілгерілету — іскерлік және ойын-сауық шараларын өткізу, қаланың туристік мүмкіншілігін көрсетеді.

Ивент индустриясы саласындағы дестинация саясаты — нарықтың барлық қатысушыларының әкімшілік үйлестіру деңгейін байқатады.

Ірі оқиғаларды өткізу — әртүрлі деңгейдегі шараларды ұйымдастырушыларға дестинацияның тартымдылығын көрсетеді. Соңғы үш жылда спорттық, мәдени, іскерлік, үкіметтік ауқымды халықаралық шараларды өткізу тәжірибесі бағаланады.

Аймақтың рекреационды мүмкіндіктері — дестинацияның туристік контентінің тартымдылығын білдіреді.

Айта кетейік, дестинацияның оқиғалық мүмкіндіктер рейтингісі — қазіргі таңда ресейлік нарықта баламасы жоқ жоба. Рейтингтің авторы R&C көрмелік ғылыми-зерттеу орталығы  — Ресейдегі ивент индустрияда маркетингтік және консалтингтік қызметтердің толық спектрін ұсынатын жалғыз компания.