Альберт Гор: Дональд Трамптың өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталады

«Трамптың тәжірибесі басталғанына алты-ақ ай болд. Оның жасап жатқан бірқатар эксперименттері этикалық себептерге байланысты мерзімінен бұрын аяқталады деп ойлаймын» — дейді ол.

Альберт Гордың мұндай мәлімдеме жасауына Дональд Трамптың климат мәселелеріне қатысты Париж келісімінен бас тартуы себеп болған.

Экс вице-президенттің айтуынша, АҚШ Париж келісімінен шықса да, елдегі қалалар, штаттар мен кәсіпкерлер келісім шеңберінде АҚШ міндеттемелерін атқара береді.

Альберт Гор жақын күндері АҚШ билігіне жаңа басшы келетініне сенімді.

Дереккөз7kun.kz