АҚШ елшілігінің қызметкерлері Қазақстанның әнұранын орындады

АҚШ елшісі Джордж Кролл мен елшіліктің өзге де қызметкерлері домбыраның сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады.

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері өздерінің ресми Facebook-парақшасында қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтау бейнеролигін жариялады.

«Достық күші — бірлікте! Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құтықтаймыз!»,- деп жазады олар.


Айта кетейік, АҚШ — тәуелсіз Қазақстан Республикасында елшілігін ашқан алғашқы мемлекет. Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылы 25 желтоқсанда орнады.

ДереккөзInform.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз