13 тамызда «Спорттық Алматы» велошеруі өтеді

Қатысуға ниетті тұрғындар таңғы сағат 08:30-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығына жиналады. Велошеруде лоторея арқылы бағалы сыйлықтар ойнатылады.Қатысушылар 9 шақырым қашықтықты бағындыруы керек.

Велошеру «Нұрлы Таудан» басталып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталады. Бағалы сыйлықтардан бөлек, жеңімпаздарға арнайы велосипедтер сыйға тартылады.

Алматы жолдарында жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ұйымдастырушылар велошерудің бағытын өзгертпейді.

Сонымен қатар, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салады.

ДереккөзProsports.kz